Атақты боксшы Флойд Мэйвезер Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды

08:00, 13 қаңтар 2017

Атақты америкалық боксшы Флойд Мэйвезер UFC жұлдызы Конор МакГрегормен қай жағдайда да жұдырықтасатынын айтты.

«Маған 100 миллион доллар сыйақы берсеңдер, МакГрегормен жекпе-жек ұйымдастырылады. ММА-де Конордың қанша сыйақы алатынын білмеймін, бірақ ары кетсе 10 миллион доллар табыс тапқан шығар. Мен оған 15 миллион доллар ұсынуға дайынмын. Мені басқа мәселе алаңдатады. МакГрегор менімен жұдырықтасқысы келеді ме?», – деді Мэйвезер.

Естеріңізге сала кетсек, Конор МакГрегор жақында боксшы лизенциясын алған болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!