«Асылхан бәрін у-шу қылды». АҚШ-тағы қазақстандық боксшының жекпе-жегі үлкен дау туғызды
© Сурет: видеодан алынды
World Boxing ұйымы жалауымен бокстан алғаш рет өткізілген Әлем чемпионатында қазақстандық жас боксшы Асылхан Көшербайдың алғашқы жекпе-жегі үлкен дау туғызды. Өйткені оған тиесілі айқын жеңіc асвстралиялық Купер Макконнелге бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы финалда 65 келіге дейінгі салмақта Көшербай Макконнелді екі рет нокдаунға жіберді. Бірінші және екінші раундта. Австралиялық әбден шаршап, финалдық жекпе-жектің соңына әрең шыдады. Жерлесіміздің осындай айқын жеңісіне ешкім күмән келтірмеп еді, алайда төрешілердің шешімі басқалай болып шықты. Жеңіс 3:2 есебімен австралиялық боксшыға берілді.
Жанкүйерлер де, сарапшылар қауымы да төрешілердің бұл шешіміне наразы болып, көрермендер у-шу болды. Әлеуметтік желіде Көшербайға қолдау білдіріп, төрешілердің әділдігіне күмән келтірді.
- "Еңбек сенікі, жеңіс оныкі" деп ашына жазды желідегілер мысқылдап.
- "Головкин ағамыз қайда қарап отыр" деп үдере түрегелгендер де болды;
- "Не мазақ мынау, осыны да жекпе-жек дейді ме";
- "World Boxing-тің арты ашылды, IBA-ны "анау-мынау" деуші еді, енді өздеріне қара".
Айта кетсек, Қазақстандық үш боксшы Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:36, 25 желтоқсан 2024
Қазақстандық үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
-
17:08, 25 желтоқсан 2024
Алексей Чуркин әлем біріншілігіндегі сәтті өнерінен кейін Азия чемпионы атанды
-
21:00, 24 желтоқсан 2024
Қазақстандық биатлоншылар IBU кубогында ТОП-10 қатарына енді
-
20:44, 24 желтоқсан 2024
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды
-
18:33, 24 желтоқсан 2024
Қазақстандық жас теннисші Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды