Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің қос бірдей ширек финалына шықты
© Сурет: ktf.kz
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жұптық және аралас (микст) сындарында 1/4 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер бәсекесінің үшінші айналымында отандасымыз (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге украиналық Даяна Ястремская / Ангелина Калинина тандемін қапы қалдырды. Тартысты өткен кездесу 6:4, 6:4 есебімен біздің жұптың пайдасына аяқталды.
Жарыстың 2-ші нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич Үлкен дулыға турнирінің жартылай финалына өту үшін Деми Схюрс (Нидерланды) / Эллен Перес (Австралия) – Людмила Самсонова (Ресей) / Беатрис Хаддад Майя (Бразилия) матчының жеңімпаздарымен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар Анна Данилина аралас сында да сәтті өнер көрсетіп жатыр. Микст бағдарламасының ширек финалына шығу үшін өткен матчта қазақстандық-америкалық Анна Данилина мен Джеймс Трэйси дуэті Ульрикке Эйкери (Норвегия) / Лукас Мидлер (Австрия) жұбынан басым түсті. Шешуші супер-тай-брейкке ұласқан бәсеке 6:1, 4:6, 10:8 есебімен аяқталды.
1/4 финалда Данилина мен Трэйси Сара Эррани / Андреа Вавассори (екеуі де – Италия) – Фанни Столлар (Венгрия) / Кристиан Харрисон (АҚШ) текетіресінің үздігімен кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:17, 20 шілде 2026
Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан бес алтын медаль ұтып алды
-
17:59, 20 шілде 2026
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын отандық спортшылардың аты-жөні жарияланды
-
12:03, 20 шілде 2026
Испаниямен ойындағы жеңілісінен кейін Месси көз жасына ерік берді
-
11:56, 20 шілде 2026
Испания Аргентинаны жеңіп, футболдан әлем чемпионы атанды
-
18:34, 19 шілде 2026
Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды





