Тоқаев Рустам Миннихановпен кездесу өткізді
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, еліміз бен Татарстан өңірлерінің өзара тиімді серіктестігін нығайтуға белсене атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.
"12 қараша күні Мәскеуге мемлекеттік сапармен барамыз. Бұл екі ел қарым-қатынасындағы айтулы кезең деп санаймыз. Ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін беретін маңызды құжаттарға қол қойылады. Сіздің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын аралап келгеніңізді білемін. Қазақстан аумағында кәсіпорындар ашуға қатысты жоспарыңыз бар. Біз Татарстаның Қазақстандағы барлық бастамасын қолдаймыз", - деді Президент.
Мемлекет басшысы машина жасау, мұнай-газ химиясы және оған қажетті бөлшектер шығару салаларында табысты ықпалдастық орнағанын атап өтті.
Президент "КамАЗ" және "Татнефть" компанияларымен бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән беру қажет деп санайды.
Рустам Минниханов Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бизнес, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:49, 3 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
17:01, 1 маусым 2026
Тоқаев Джон Лимен кездесу өткізді
-
19:21, 29 мамыр 2026
Тоқаев Кубаның вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті
-
17:02, 29 мамыр 2026
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты
-
16:58, 29 мамыр 2026
Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты





