Мемлекет басшысы Путиннің шақыртуы бойынша Ресейге барады

09:07, 25 шілде 2026
MKZ: 1557963

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 25 шілдеде Ресей Федерациясына барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 25 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев РФ президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады".

Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!