Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентімен қандай мәселелерді талқылады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Президент Дональд Трамп Әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты нығайта түсуге әзір екенін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің стратегиялық сипатына айрықша назар аударды.
Президент Қазақстанның америкалық бизнес үшін қолайлы инвестициялық климат жасауға бейіл екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуш Чокси ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, өзара көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері перспективасын талқылады.
Хуш Чокси байланыстарды одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екеніне тоқталып, өзара қызығушылық тудырған бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:47, 25 шілде 2026
Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты
-
14:47, 17 шілде 2026
Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді
-
14:07, 17 шілде 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев адамзат ЖИ-дің даму жолына үлгермей келе жатқандығын айтты
-
19:40, 16 шілде 2026
Си Цзиньпин Тоқаевтың реформаларын жоғары бағалады
-
14:03, 16 шілде 2026
Тоқаев: Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам басты





