Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони арасындағы келіссөздер: олар нені талқылады

© Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Италия Премьер-Министріне сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев:
"Сіздің бұл сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастығымыздағы айтулы оқиға. Біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Бұл бекер емес. Екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз", – деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде Джорджа Мелони Қазақстан Президентіне "шақырғаны және жылы қарсы алғаны үшін" тағы да алғысын білдірді.
"Еліңізге шақырып, қонақжайлық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы түсінесіз. Қазақстан – Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Әйтсе де, кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар", – деді Италия Премьер-министрі.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды.
Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони Қазақстанға 2025 жылғы 29 мамырда ресми сапармен келді. Оны елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылы қарсы алып, қысқаша әңгімелесті. 30 мамырда мәртебелі мейман Астана халықаралық форумының (AIF) арнайы сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстанға сапарының мақсаттарын тізіп берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:18, 10 шілде 2025
Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады
-
11:57, 11 маусым 2025
Роберт Фицо Ақордаға ресми сапармен келді – фоторепортаж
-
14:10, 9 маусым 2025
Қазақстан мен Болгария энергетика, көлік және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті
-
13:36, 9 маусым 2025
Қазақстан мен Болгария қандай құжаттарға қол қойды
-
19:15, 30 мамыр 2025
«ОА+Италия» бірінші саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен декларация қабылданды