Аида Балаева: Еліміз әділ әрі прогрессивті Қазақстан құру жолында
© Сурет: gov.kz
ҚР Премьер‑министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дауыс беру #129 сайлау учаскесінде өтті. Бұл учаске Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан.
Бүгінгі оқиғаның маңыздылығына тоқталған Аида Балаева жаңа Конституцияны қабылдау елдің одан әрі дамуы үшін маңызды кезең екенін атап өтті.
"Әр халық, әр ел өз дамуының жолын іздейді. Қазақстан да осыдан тыс қалған жоқ. Халықтық Конституцияны қабылдау әділ әрі прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған. Қазақтандықтар дұрыс таңдау жасайтынына сенемін", – деді Аида Балаева.
Сонымен қатар, мәдениет және ақпарат министрі референдум күні қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің жоғары екенін айтты. Оның сөзінше, таңертеңнен бастап халықтың белсенділігі елде ашық қоғамның қалыптасып келе жатқанын, саяси мәдениеттің өскенін және азаматтардың ел болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
"Таңертеңнен бастап ақпараттық алаңды мониторинг жасап отырмыз және халықтың референдумға қатысуы өте белсенді екенін көріп, қуанып отырмын. Қазақстанда жоғары саяси мәдениеті бар, ашық қоғам қалыптасып, азаматтық жауапкершілік сезімі оянып отыр. Ешкім бейқам емес, бәрі елге саналы түрде жауапкершілікпен қарайды. Бұл – 2019 жылдан бері әділ әрі прогрессивті Қазақстан саясатын іске асырып келе жатқан Мемлекет басшысының саяси реформаларының нақты нәтижесі", – деді Аида Балаева.
Айта кетейік, дауыс беру учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:01, 15 наурыз 2026
Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді
-
12:55, 15 наурыз 2026
Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова референдумда дауыс берді
-
12:49, 15 наурыз 2026
Тәжікстандық ОСК басшысы: «Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған»
-
12:44, 15 наурыз 2026
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қазақстандықтарға үндеу жасады
-
12:36, 15 наурыз 2026
Алматы облысында ҰОС ардагері референдумда бата берді





