Депутат: Қырғызстан ресми делегациясының елімізге жасаған сапары нәтижелі болды

Қазақстан мен Қырғызстан бірқатар маңызды уағдаластыққа қол жеткізді.
Қырғыз премьер-министрі бастаған ресми делегацияның елімізге жасаған сапары нәтижелі болды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев осындай пікірде. Әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ аясында келісімдердің орындалуы және мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басым тәртібін қабылдауға қатысты ұсыныстар өзекті. Енді арнайы құрылған жұмыс тобы жол картасы әзірлеуі тиіс. Ал құжат бекітілгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Өздеріңіз білесіздер, премьер-министрлердің шешімімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобында премьер-министрлердің бірінші орынбасарлары төрағалық жасап, «Жол картасы» деп аталатын өздерінің ұсыныстарын дайындап шықты. Сол ұсыныстар осы күндері премьер-министрлердің қарауына енгізіледі. Егер олар мақұлдап жатса, ары қарай жүзеге асырылады.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 10 желтоқсан 2021
Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады
-
16:13, 10 желтоқсан 2021
Нұрлан Нығматулин Думаның бірінші вице-спикерін қабылдады
-
12:38, 8 желтоқсан 2021
Дариға Назарбаева Шавкат Мирзиёевпен кездесті
-
09:10, 8 желтоқсан 2021
Мамин Қырғызстан үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді
-
21:39, 5 желтоқсан 2021
Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті