Қалың қас пен қайырылған ұзын кірпік

09:22, 24 ақпан 2017

Қас пен кірпік көзімізді шаң мен терден қорғап қана қоймай, ажарымызды арттырып тұратынын да ұмытпайық. Сондықтан да қас-кірпігіміз қалың, әрі әдемі болуы үшін күтім жасай жүргеніміз жөн. Ал мұндайда көмекке алдымен үпілмәлік майы келеді.

Үпілмәлік майын (касторовое масло) қалай қолданады?

  1. Бетіңіздегі макияжды тазалаңыз, жуыңыз.
  2. Үпілмәлік майын құтысымен ыстық суға салып, жылытып алыңыз да қас пен кірпікке жұқалап жағыңыз. Май көзіңізге тиіп кетпесін.
  3. Майды қас-кірпікке ұйқыға жатардан 1,5-2 сағат бұрын жаққан жөн. Егер көп жағып қойсаңыз, таңертең тұрғанда көзіңіз ісіңкіреп қалуы мүмкін.
  4. Ал таңертең әдеттегідей бетіңізді жуасыз.

Пайдасы қандай?

Бұл май пайдалы заттарға бай. Қас-кірпікке үпілмәлік майын жаға отырып, оларды түбінен нәрлендіреміз. Өсуін арттырып, жібектейін жұмсарта да аламыз.

Есіңізде болсын!

  • Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін үпілмәлік майын бір ай үзбей қолданған дұрыс.
  • Кез келген басқа өнімдер сияқты үпілмәлік майы да аллергияны қоздыруы мүмкін. Сондықтан алдын ала сынама жасап көрген жөн.

 Дереккөз: anabol.kz

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!