Еріңізбен жиі ренжісіп қаласыз ба?

14:39, 19 сәуір 2017

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай мен күн шағылса да.

      Дүниеде,сірә,сендей маған жар жоқ,

    Саған жар менен артық табылса да.

                           Абай

 Махаббатың бастамасы тәтті сөздермен басталып,әдемі сезімдерге ұласады.Шын махаббатта ұрыста реніште болады.Ал соңына дейін күресіп бағып,шыдамдылық таныту нағыз ерлік болып саналады.Ер азаматтардың көпшілігі әйел адамдарға көп көңіл бөлмесе,біз әйел заты тез ренжіп қаламыз.Ер азаматтың кемшілігі де осы да болып тұр.Реніштің түрлері де көп,қызғаныштан туындауы да мүмкін,әсіресе мереке күндері ер азамтынан жақсы сыйлықтар күтеді.Отбасылық өмірідің де қиындықтары түрлі реніштерге апарады.Шын сүйіп қосылған жұбайлар бар қиындыққа шыдауы керек.Ренішті де қайғыны да ұмыттыратын махаббат сезімі.Шын махаббат бар қиындықты жеңеді.

 

 Ер азаматыңызға ренжісеңіз төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:

 

  • Сізді ренжітсе іштегіні айтыңыз,ол да ойлансын,іштей тынып жүру түрлі ауруларға апарады.
  • Қызғанышқа апартын әрекеттер жасамаңыз,осының салдарынан екі жаққа кеткен отбасылар қаншама.
  • Ренжіскен жағдайларыңызда бір-бірлеріңізге адам құлағына үрпідей тиетін сөзден аулақ болыңыз.
  • Ренжіудің негізгі себептерін білмесеңіз шу шығармаңыз.
  • Сізді жақсы көретінін соңғы рет қашан айтты?
  • Татуласу үшін кім бірінші қадам жасайды деп, күткенше өзіңізде қадам жасаңыз.
  • Ерекекке қажетті дүние сіздің үнемі көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны.
  • Қатулы қабағыңызбен ешнәрседе өзгермейтінін түсініңіз.
  • Сізді ренжіткен жағдайда, сізге қажеті оның құшақтап еркелеткені жетпей тұрған кезде,өзіңізде құшақтап жылы сөз айтыңыз.
  • Жібімейтін жүрек жоқ,тек шынайы болыңыз.
  • Отбасылық өмірдегі реніш басылмайынша жақсы отбасы болу қиын.
  • Сүйіңіз,құшақтаңыз жақсы көріңіз.
  • Ең бастысы махаббаттарыңыз берік болса бәрінде жеңуге болады.
  • Махаббат бәрінде құтқарады.
  • Әрдайым бір-бірлеріңізге көңіл бөліңіздер,бәрінен де көңіл қымбат.
  • Ер азаматыңызға өтірік айтпаңыз.
  • Отбасылық өмірде реніш болмай тұрмайды,тек бәрін бірге жеңіңіздер.Бір-бірлеріңізге сенім артыңыздар.
  • Жақсы жұптар ренжіспей қоймайды, қайта іңкәр махаббаттары адал болса соңына дейін бірге бола алады.

 Дереккөз: anabol.kz

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!