Балалар уланған жағдайда

22:08, 28 наурыз 2017

Улану түрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Жуғыш заттар, дәрілер, улы өсімдіктер мен ішімдік – бұл жай ғана балаларға қауіп тудыратын көздердің бірі болып табылады. Алайда, улану жағдайында алғашқы медициналық көмектің кейбір жалпы ережелері бар.

 

Бала уланып қалса, ол мынадай белгілерді көрсетеді: әлсіздік, бозару, құсу, бас айналуы. Уланудың ауыр түрлерінде бала есін жоғалтып, тыныс алуын тоқтатуы мүмкін.

 

Улану: себебін анықтау

Уланудың себебін анықтау маңызды болып табылады. Егер, бала қазірдің өзінде есін жоғалтпай, сөйлеуге шамасы болса, одан  “Не жедің?” – деп, сұраңыз. Көп жағдайда уланудың себебін бала уланған жерден анықтауға болады (мысалы: жуғыш заттыр ыдысы немесе дәрі-дәрімектердің қорабы).

 

Улану: “жедел жәрдем” шақырыңыз

Бірден “жедел жәрдем” шақырыңыз және қоңырау шалған кезде баланың неден және қалай уланғанын айтыңыз. Оператор жедел көмек көрсету тобын шақырып, балаға жедел жәрдем келгенше көрсетілетін алғашқы көмек жайлы айтады.

 

Улану: жедел жәрдем келгенше не істеу керек?

  • Баланы тыныштандырып көріңіз
  • Жедел жәрдем операторы айтқан нұсқауларды орындаңыз
  • Үнемі пульс және тыныс алуын қадағалаңыз
  • Егер, бала есінен танып қалған жағдайда оны бір жағына қарай жатқызыңыз (нәрестені қарнымен).
  • Егер, жүрек соғысымен тыныс алуы тоқтаса, жасанды тыныс беріп көріңіз
  • Жедел жәрдем келгенше баланың жанында болыңыз

Улану: нені істеуге болмайды?

Егер сіз не істеу керектігін білмесеңіз, артық әрекет жасамаңыз. Жедел жәрдем операторы дәрігерлер келгенше не істеу керектігін өзі айтады. Күшпен ішін тазалауға тырыспаңыз. Балаға күштеп жегізбеңіз, бірақ көп ауыз сумен қамтамасыз етіңіз.

 Дереккөз: anabol.kz

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!