Арықтауға кері әсер ететін 10 азық

22:04, 2 қаңтар 2017

1. Қант

Толықтықтан құтылғыңыз келсе, қантпен қош айтысыңыз немесе аз мөлшерде пайдаланыңыз. Арықтағысы келетін адамдар шай мен кофені қантпен ішуден бас тарту керек. Сонымен қатар, қант көп болатын пакеттегі жеміс-жидек шырындарына да шектеу қойған жөн.

2. Ұннан жасалған тағамдар

Нан өнімдері,бәліш, тәтті пирог, торт сымбатты болмыстың ата жауы. Сондықтан, оларды рационыңыздан жайлап алып тастап үйреніңіз.

3. Тез әзірленетін ботқа, мюсли

Мұндай тағамдар қарынды тез тойдырғанымен тез аштырады да. Өйткені, оның құрамы толықтай қажет емес көмірсудан тұрады.

4. Майлы ет, салы, шұжық (колбаса, сосиска) 

Майлы ет, салы, шұжық (колбаса, сосиска) арықтауға кері әсерін тигізіп ғана қоймайды, денсаулық үшін де зияны айтарлықтай. Сондықтан, жиі емес, анда-санда аз мөлшермен ғана жеп тұруға болады. 

5. Шпрот,қақталған балық пен майдағы консервілер

Дәл осы тағамдарда май шектен тыс көп болғандықтан толуға бірден әсер ететінін біле жүріңіз»

6. Алкоголь

Алкоголь - арықтықты қалайтындар үшін алкогольдің зияны өз алдына, ол метаболизмнің де қалыпты жұмыс істемеуіне алып келеді. Газды сусындар артық салмақтан бөлек, әсерінен түрлі ауруларда болады. Диабет, рак,жүрек ұстамасы сынды дертке тап болғызады.

7. Майонез 

Майонездің пайдасынан зияны. Сондықтан, ең құрығанда үйден майонез дайындап тамаққа қоссаңыз қандай дәмді.

8. Чипсы, кептірілген нан, тұздалған жаңғақтар

Яғни барлық тез дайындалатын тағам түрлерін жеуге мүлдем болмайды.

9. Макарон

Макаронның 70 пайызы көмірсудан тұрса, 12 пайызы клетчатка. Ал ол көмірсу мен клетчатка майға айналатыны анық. Сондықтан, арықтағыңыз келсе, оны жиі жеуден сақтаныңыз.

10. Күріш

Күріште крахмал өте көп болғандықтан, әсері болмысыңда бірден аңғарылады. Диетологтардың айтуынша, күріш ішек жолдарының дұрыс жұмыс істеуін де тоқтатады. Сондықтан, арықтайтындар үшін қоңыр күріштің пайдасы айтарлықтай. Ал ақ күрішті анда-санда ғана жеген дұрыс.

 

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!