Жылжымайтын мүлік жылдан-жылға қымбаттауда: Ел бойынша тұрғын үй бағасы қаншалықты өсті
© Фото: Zakon.kz
2024 жылы бастапқы және қайталама нарықтағы пәтерлердің сату құны да, жалға беру бағасы да айтарлықтай өскен. Еліміздің қай қаласында тұрғын үй бағасы шарықтай түсті. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бір жылда (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 4,2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылы 7,9% жоғарылады.
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
Өңірлер кесіндісінде алғашқы нарықта жылдық мәнінде баға едәуір Ақтөбе қаласында – 12,8%, Көкшетау қаласында – 10,1%, Тараз қаласында 10% қымбаттады.
Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Атырау қаласы (16,9%), Астана қаласы (12,9%), Қонаев қаласы (10,1%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған қаласы (26,6%), Астана қаласы (25,8%), Шымкент қаласы (18,6%), Орал қаласы (16,8%), Петропавл қаласы (16,4%).
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
Бір айдың ішінде (2024 жылғы желтоқсан 2024 жылғы қарашаға) абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,1%, пәтерлерді қайта сату – 0,9%, жаңа тұрғын үйді сату 0,2% өсті.
"2024 жылғы желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 488 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 39 558 мәміле жасалды. 2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда (39 421) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27%-ға өсті". Ұлттық статистика бюросы
Мәмілелер саны бойынша Астана (9 911 – 19,8%) және Алматы (8 845 – 17,7%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 638 – 7,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 645 мәміле (1,3%).
2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда желтоқсанда мәмілелер өсімі, Алматы облысын қоспағанда, барлық өңірлерде байқалады, онда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны тек 0,2%-ға азайған. Ең көп өсім Қызылорда (+70,2%), Жамбыл (+45,3%) облыстарында және Астана (+42,2%) қаласында тіркелді.
2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 26,6%-ға (8 302 мәмілеге) көбейді. 2024 жылдың желтоқсан айында пәтерлер бойынша барлығы 39 558 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 79%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,7%), Алматы (20,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2-бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды.
2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда, 2024 жылдың желтоқсанында жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 28,5%-ға (2 323 мәмілеге) өсті. Желтоқсанда барлығы 10 488 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+86,2%), Ұлытау (+64,9%) және Шығыс Қазақстан (+57,4%) облыстарында байқалды. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының бір айдағы төмендеуі тіркелмеген.
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
Мұнымен қоса, бюро 2024 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 32,3%-ға көбейгенін, ол кезде 37 818 мәміле ресімделгенін айтты.
Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Павлодар облысында (72,4%) байқалады, ең үлкен төмендеу – Түркістан облысында (-13,9%). 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санын 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 16,8%-ға өсім байқалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:33, 9 қаңтар 2025
Оралда өзге көлік жүргізушілеріне тапаншамен қауіп төндірген ер адам ұсталды
-
22:51, 9 қаңтар 2025
Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі өтемақы талап етіп отыр
-
22:20, 9 қаңтар 2025
Рудныйда есірткі зертханасы анықталды
-
21:16, 9 қаңтар 2025
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты
-
20:19, 9 қаңтар 2025
БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған