Жылыту маусымына дайындық: Қазақстанның екі өңірі кестеден қалып келеді

16:51, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563335

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында Қазақстан өңірлерінің жылыту маусымына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол еліміздің барлық өңірінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Бүгінде 10 913 білім беру нысанының 10 693-і дайын. Бұл жалпы көрсеткіштің 98%-ын құрайды. Сегіз өңірде дайындық жұмыстары 100% аяқталған. Алматы және Ақтөбе облыстары кестеден қалып келеді", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау нысандарындағы жағдай да осыған ұқсас. Дайындық деңгейі 98%-ды құрайды, яғни 5394 нысанның 5281-і жылыту маусымына дайын.

"Алты өңірде денсаулық сақтау нысандары 100% дайын. Шымкент пен Алматы қалаларында көрсеткіш төмен", – деп толықтырды Ерсайын Нағаспаев.

Бұған дейін Алматы тұрғындарына жылу және ыстық су бойынша берешекке есептелген өсімпұлдан құтылу ұсынылғаны туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!