Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

17:13, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563344

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open халықаралық турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Нодира финалға шығу үшін өткен бәсекеде қытайлық Цзюй Цзоға жол берді.

Осылайша қазақстандық таеквондошы жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан таеквододан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!