Жылыой ауданында тұрғын үй мен ғимараттарды су басты
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2024 жылдың 18 сәуіріне қараған түні Атырау облысы Жылыой ауданында тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Жылыой ауданында Жем өзенінің су деңгейі көтеріліп, нәтижесінде аудан аумағында су тасқыны орын алған.
"Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлерден су айдау жұмыстары жүргізілуде."ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сонымен қатар, ТЖМ мәліметінше су тасқыны басталғалы бері Жылыой ауданында:
- 731,300 текше метр су сорылды;
- 245 000 топырақ төселді;
- 397 000 тонна инертті материалдарды пайдаланды.
Айта кетейік, 17 сәуірде Жайық өзенінің су деңгейі едәуір көтерілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 23 қаңтар 2025
Астана қаласының мемлекеттік шығармашылық тапсырысының ата-аналары, жеткізушілері мен жаттықтырушыларының назарына
-
18:19, 23 қаңтар 2025
Оралда ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркеген
-
18:05, 23 қаңтар 2025
Ішімдікке сылқия тойып алған шығысқазақстандық құқық қорғау органдарын әбігерге салды
-
17:51, 23 қаңтар 2025
Екібастұзда көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
-
17:48, 23 қаңтар 2025
Ақмола облысында жастарды ылғи ұрып-соғып, ақша талап етіп келген күдіктілер ұсталды