Қазақстанда шетелдіктерге виза рәсімдеу қағидалары өзгерді
© Фото: Zakon.kz
Сыртқы істер министрі мен Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығымен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді ҚР ІІМ аумақтық полиция органдары (АПО), ҚР СІМ және шетелдегі мекемелер мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Шақырушы тарап шақыруды рәсімдеу үшін ҚР ІІМ АПО-ға немесе тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы "ҚР визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қажетті өтініш пен мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке мәселелер бойынша шақыруды рәсімдеу үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін);
- нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (мемлекеттік баж "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (ЦҮТШ) арқылы төленген жағдайда бұл құжатты ұсыну талап етілмейді);
заңды тұлға немесе жеке кәсіпкердің шақыруын рәсімдеу үшін:
- нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (мемлекеттік баж ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда бұл құжатты ұсыну талап етілмейді);
- өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттардың толық топтамасы Мемлекеттік корпорация немесе ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері арқылы қабылданған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды қызмет көрсетушіге тапсыру кезінде рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 минут, ал Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут. Мемлекеттік корпорацияда қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Қызмет алушы ұсынған өтініште немесе құжаттарда қателер не дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар берілген жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Қызмет алушы ұсынған құжаттар, оның ішінде түпнұсқалар, қызмет көрсетушіде сақтауға қабылданбай, қызмет алушыға қайтарылады. Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін қызмет алушыға ақылға қонымды мерзім беріледі. Ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді және белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті немесе құжаттарды қабылдау күні қызмет алушы алғаш жүгінген күн болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған, сондай-ақ құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар берілген жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартып, шақыруды рәсімдеуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Сондай-ақ ҚР ІІМ АПО-ның, ҚР СІМ-нің және шетелдегі мекемелердің уәкілетті қызметкерлері шақыруға және виза беруге, оның ішінде визаны қалпына келтіруге және қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдап, тіркейді.
Қызмет алушы ұсынған өтініште немесе құжаттарда қателер не дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны талаптарға сәйкес келмеген, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар берілген жағдайда, ҚР ІІМ АПО-ның, ҚР СІМ-нің және шетелдегі мекемелердің уәкілетті қызметкерлері өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Қызмет алушы ұсынған құжаттар, оның ішінде түпнұсқалар, сақтауға қабылданбастан қайтарылады. Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін қызмет алушыға ақылға қонымды мерзім белгіленеді. Ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді және осы мерзімнен аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті немесе құжаттарды қабылдау күні қызмет алушы алғаш жүгінген күн болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, қызмет көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартып, қызмет алушыға бас тарту себептері көрсетілген уәжді жауап жібереді.
Қызмет алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, ҚР ІІМ АПО-ның, ҚР СІМ-нің және шетелдегі мекемелердің уәкілетті қызметкерлері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және келіп түскен құжаттарды сол күні ҚР ҰҚК-мен келісуге жібереді.
ҚР ҰҚК-нің жауабы алынғаннан кейін ҚР ІІМ АПО-ның, ҚР СІМ-нің және шетелдегі мекемелердің уәкілетті қызметкерлері оны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны береді немесе виза беруден бас тартады.
Электрондық визаны ресімдеу кезінде электрондық виза шақырушы тараптың шақыруында көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылады.
ЦҮТШ арқылы консулдық алым төленгеннен кейін рәсімделген виза қызмет алушының жеке кабинетіне түседі. Қызмет алушы электрондық визаны рәсімдемес бұрын шақыруда көрсетілген ақпараттың паспорт деректеріне сәйкестігін тексеріп, растауы қажет.
Визалық құжаттар, оның ішінде вербалды ноталар мен өтініштер, "Бүркіт" БКЖ арқылы келісіледі. "С11" санатындағы визалар және Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған визалар "Бүркіт" БКЖ-ға мәліметтер енгізу арқылы келісіледі.
ҚР ҰҚК визаларды рәсімдеуді 3 жұмыс күні ішінде келісуді қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда бұл мерзім 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
"Бүркіт" БКЖ-да деректері жоқ виза жарамсыз болып есептеледі. "Бүркіт" БКЖ жұмысы бұзылған жағдайда визалық жапсырма қолмен толтырылады, ал берілген визалар туралы деректер жүйе қалпына келтірілгеннен кейін "Бүркіт" БКЖ-ға енгізіледі. Бұл ретте уәкілетті қызметкер өтініш берушіге осындай визаның берілгенін растайтын, мөрмен куәландырылған жазбаша құжатты фирмалық бланкіде береді.
Берілетін визалар тұрақты түрде "Бүркіт" БКЖ-да есепке алынады.
ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК "Бүркіт" БКЖ-да рәсімделетін, берілген және келісілген визалар бойынша бірыңғай статистикалық деректерді қалыптастырады.
Сонымен қатар жаңа редакцияда мына құжаттар берілді:
- "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасына кіру құқығына арналған визаларды беру, қалпына келтіру немесе ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.
Сондай-ақ өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдау туралы қолхат қосылды.
Бұйрық 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:20, 29 қыркүйек 2026
Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты
-
16:12, 29 қыркүйек 2026
Владимир Путин Қазақстанға және басқа елдерге қолма-қол рубль алып шығу тәртібін қатаңдатты
-
16:07, 29 қыркүйек 2026
Қазақстаннан Қытайға теміржол арқылы астық экспорты 34%-ға артты
-
16:00, 29 қыркүйек 2026
Қазақстандағы жерасты суы қанша жылға жетеді
-
15:56, 29 қыркүйек 2026
Мектеп оқушылары ұялы телефонды қашан және қалай пайдалана алады: жаңа ережелер бекітілді





