Жүргізушілер медициналық куәландырудан қалай өтеді: ережелер әзірленді
© Сурет: KOMU News/Ashleigh Jackson
Ішкі істер министрлігі мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресімдеу қағидаларын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу қағидалары жеке тұлғалардың алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық мас күйін куәландыруға жіберу және оның нәтижелерін ресімдеу, сондай-ақ көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді қайықты басқаратын жүргізушілердің мас күйін куәландыру тәртібін айқындайды.
Жеке тұлғалардың, оңың ішінде жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнің масаң күйiн куәландыруға жiберудi, мас күйiн куәландыруды Кодексте көзделген құқық бұзушылықтың құрамы болып табылғанда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары ретiнде уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
Жеке тұлғалардың, оның ішінде көлiк құралдарын басқарудан шеттетiлген жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң мас күйiн куәландыруды уәкілетті лауазымды адамдар тікелей әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде және (немесе) мемлекеттік медициналық ұйымдарда медициналық ұйымдарда мас күйiнiң бар-жоғын анықтайтын арнайы құрылғылар мен құралдарды пайдалана отырып жүргізеді.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
Мас күйін куәландыру актісі тиісті хаттамаға қоса беріледі.
Жүргізушілердің, кеме жүргізушілерінің көлік құралдарының, шағын көлемді кемелердің қозғалыс тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің белгіленген талаптарын бұзуы және олардың әрекеттерін, егер бұл ретте олар жүргізушілерде, кеме жүргізушілерінде мас болу белгілерін, сондай-ақ жүргізушілердің, кеме жүргізушілерінің алкогольді немесе психобелсенді заттарды пайдаланғаны туралы арыздарды, хабарламаларды, оларды анықтаса, қозғалыс қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдар жолын кескен бұзушылықтар алкогольді немесе психобелсенді заттарды қолдануды тану жүргізушілерді жіберуге жеткілікті негіз болып табылады.
Мас күйiн медициналық куәландыруға жiберу тәртiбi
Жеке тұлғалардың, оның ішінде жүргiзушiнiң, кеме жүргiзушiсiнiң мас күйiн медициналық куәландыру уәкiлеттi лауазымды адамдардың жазбаша немесе электрондық форматта жолдамасы бойынша жүргiзiледi.
Медициналық куәландыруға жiберген жолдамада көлiк басқарудан шеттету күнi, уақыты, орны, құқық бұзушылық негiздемесi, куәландыруға жiберу жолдамасы, хаттаманы толтырған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң үлгiсi, маркасы, моделi, мемлекеттік тiркеу нөмiрi, өзге де сәйкестендiру белгiлерi, басқарудан шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргізушiнiң, кеме жүргiзушiсiнiң жеке басы туралы мәлiметтер көрсетiледi. Жолдамаға оны толтырған лауазымды адам, сондай-ақ куәландыруға жiберілген жеке тұлға (жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi) қол қояды.
Жеке тұлға (жүргізуші, кеме жүргiзушiсi) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүргiзiлген куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда медициналық куәландыру үшiн берiлетiн жолдамаға лауазымды адам жүргізген куәландыру актісi қоса берiледi.
Куәландыруға жiберiлген жеке тұлғаның (жүргізушінің, кеме жүргiзушiсiнің) жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы медициналық ұйымның куәландырудан бас тартуына негiз бола алмайды. Жеке басы туралы мәлiметтер куәландырушының сөзiнен жазылып алынады.
Уәкiлетті лауазымды адам жүргiзетiн мас күйдi куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбi
Жеке тұлғалардың (жүргізушілердің, кеме жүргізушілерінің) мас күйiн анықтауға Қазақстан Республикасында қолдануға белгiленген тәртiпте рұқсат етiлген арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану арқылы куәландыру оларды қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану алдында олардың жарамдылығы, метрологиялық тексеру күнi тексерiледi.
Жеке тұлғаларды (жүргізушілерді, кеме жүргізушілерін) арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану арқылы куәландыру әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезiнде қатысатын екi куәнің қатысуымен уәкiлеттi лауазымды адам толтыратын актімен ресiмделедi.
Куәландырылатын жеке тұлғалар (жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi) және куәлар куәландыруды жүргiзу және арнайы аспаптар мен құралдарды пайдалану тәртiбiмен таныстырылады.
Куәлардың қатысуының нақты мүмкіндігі болмаған кезде (жетуі қиындық тудыратын жерлерде, түнгі уақытта, төтенше немесе соғыс жағдайында, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куә ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде) жеке тұлғаларды (жүргізушілерді, кеме жүргізушілерді) техникалық құралдардың барысы қолдана отырып, оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып, олардың келісімімен куәландыруға жол беріледі.
Мұндай куәландырудың нәтижелері куәландырылушының келісімі туралы белгісі бар куәландыру актісінде тіркеледі.
Жеке тұлғалар (жүргізушілер, кеме жүргізушілері) әкiмшілiк құқық бұзушылық жасалған жерде куәгерлердiң қатысуынсыз куәландыру жүргізуге немесе куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда олар медициналық мекемеге медициналық куәландыруға жiберiледi.
Жеке тұлға (жүргізуші, кеме жүргізушісі) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада, масаң күйiн куәландыру актiсiнде немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса берiлетiн жекелеген түсiнiктемеде мас күйiн куәландырудан өтуден өзiнiң бас тарту уәждерiн жазады.
Жеке тұлғалар (жүргізушілер, кеме жүргізушілері) мас күйiн куәландырудан жалтарған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде толтырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада, мас күйiн куәландыру актiсiнде бұл туралы белгi жасалады.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:24, 27 қараша 2024
Путинді Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
-
18:17, 27 қараша 2024
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен босатылды
-
17:31, 27 қараша 2024
Владимир Путин Астанаға келіп жетті
-
17:31, 27 қараша 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды
-
17:23, 27 қараша 2024
Ел азаматтарының банктегі шоттары неге жаппай бұғатталуда - Қаржы министрінің жауабы