Жұмыс беруші ақылы еңбек демалысын 42 күнге дейін ұзарта ала ма

15:54, 27 наурыз 2026

© Фото: freepik

Жұмыс беруші өз бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын ешқандай қосымша негіздемесіз және келісусіз 42 күнге дейін ұзарта ала ма? Бұл сұраққа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 88-бабына сәйкес, қызметкерлерге жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы 24 күнтізбелік күн мөлшерінде беріледі.

Егер одан да ұзақ мерзім Еңбек кодексінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде, еңбек немесе ұжымдық шартта, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде көзделмесе, бұл – ең төменгі шек болып саналады.

Комитеттің мәліметінше, Еңбек кодексі тек ең төменгі стандарттарды, негізгі кепілдіктер мен өтемақыларды белгілейді. Ал еңбек қатынастарының тараптары бұл шарттарды қызметкердің пайдасына қарай жақсарта алады.

Осылайша, тараптар келісім, ұжымдық немесе еңбек шарты аясында жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын заңда белгіленген минимумнан жоғары етіп белгілеуге құқылы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!