Жолдарға бейбіт күнде бомба түскендей. Шұрық тесік

10:26, 19 мамыр 2020
1248

Тас жолдың ой-шұңқырын креативті ролик арқылы көрсеткен блогер жұрттың қызу қолдауына ие болды. Ешбір жарылыссыз-ақ жүруге келмейтін жағдайға түскен жолды келемеж еткен жігітті Еуразия бірінші арнасының тілшілері тауып, сұхбаттасты.

Ал өзге өңірде төселуі тиіс асфальттің жартысы жоқ болып кеткен.

Әлеуметтік желіде жариялаған постында Тоқтар Махметов жөндеуге бөлінген қаржыны талан-таражға салатын жемқорларды фашистерге теңейді.

Пост жарияланған соң әкімдік өкілдері хабарласып, жол жөнделетінін жеткізіпті.

Тоқтар Махметов, блогер:

"Біз досым екеуміз таңғы 5-те тұрып, түсіруге кірістік. Ол кезде көлік аз жүреді. Түсірілімге кедергі келмейді. Әскери форманы жалға алдым. Әуел баста 9 мамырға қарсы жариялаймын ба деп ойлағанмын. Бір жағынан ойланып, ардагерлердің көңіл-күйіне тиіп қалар деп кейін жарияладым".

Ғаламторды пайдаланушылар осы сарындағы посттарға қызу қолдау білдіретіні даусыз. Өкінішке қарай, бұл тек Қостанайдың проблемасы емес. Өскеменді алып қарайық. Жөнделген жолы бар. Бірақ жобаға сай 12 см салынуы тиіс асфальттің жартысы жұмбақ жағдайда жоқ болып, жемқорлыққа қарсы агенттіктің назарын аудартты.

Ренат Набиев, ШҚО Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы:

"Алған материалдар зерттеуге жіберіледі. Сол зерттеудің қорытындысы бойынша егер де осындай бір кемшіліктер анықталса, жол активтерінің филиалы осы зерттеу бойынша қандай кемшіліктер анықталды, соларды мердігерге жібереді. Осы анықталған кемшіліктерді жоюға".

Жөндеуге бөлінген қаржы жемқорлардың қалтасында кетіп жатқаны бір. Сарапшылар бұған біліксіз мамандардың және тендер талаптарының тиімсіз екендігімен байланыстырады. Үнемдеуді ойлағандардың арқасында сапа ақсап жатыр дейді.

Денис Кривошеев, қоғам белсендісі:

"Біз жол құрылысын халықты жұмыспен қамту мақсатында пайдаланамыз. Біз біліксіз кадрларды жұмылдырамыз. Тез-тез бейімдеп, одан сапа талап етеміз. Сондықтан кезекті миллиардтарды бөлмей тұрып, мақсатты айқындап алу керек секілді".

Айтпақшы, әлгі соғыс жағдайындай күйге түскен жолдың астындағы коммуникациялар жөнделіп жатыр екен. Сол жұмыс біткен соң жол төселетін көрінеді. Ол туралы форма киіп түскен Тоқтар Махметов жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!