Жолбарыс фермерді талап өлтіріп, денесін 500 метрге сүйреп әкеткен
© Сурет: pixabay
Үндістанда жолбарыс малға шөп жинап жүрген 38 жастағы фермерге шабуыл жасап, оны мерт қылды. Жыртқыш ер адамға артынан тап беріп, денесін қалың бұталардың арасына дейін шамамен 500 метрге сүйреп апарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Free Press Journal басылымының жазуынша, қайғылы оқиға Бид ауданындағы Ашти техсилінің орманды аумағында болған. Қаза тапқан адам – Девидaс, ел арасында Пинту Маник Такале есімімен де танылған жергілікті тұрғын. Ол Деолали (Паначи) ауылының маңындағы Такале Васти елді мекенінде тұрған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, фермер таңғы сағат 08:30 шамасында малға жемшөп дайындау үшін Сонипатхар төбесіне барған. Жұмыс істеп жүрген кезінде оған жолбарыс артынан тап берген.
Жыртқыш ер адамның мойны мен денесіне ауыр жарақат салып, ақыры ол көз жұмған. Одан кейін жолбарыс мәйітті қалың өсімдіктердің арасына сүйреп әкеткен.
"Оқиға орнына көп ұзамай фермердің ұлы әкесіне жиналған шөпті үйге тасуға көмектесу үшін келгенде белгілі болды. Ол қан іздері мен қалың бұтаға қарай кеткен іздерді байқап, болған жағдайды дереу ауылдастарына хабарлаған", – делінген материалда.
Қолдарына таяқ пен балта ұстаған жергілікті тұрғындар іздеуге шыққан. Олар жыртқышты үркітіп, жолбарыс фермердің денесін тастап, қалың бұталардың арасына қашып кеткен.
Бір қызығы, қайғылы оқиғадан бір апта бұрын дәл осы жолбарыс Бхуревади ауылының маңындағы фототұзақ камераларына түсіп қалған.
Қазір оқиға орнында аумақты тексеріп, айғақтар жинау үшін мамандар тобы шұғыл жұмысқа кірісті.
"Біздің топ ғылыми сараптама жүргізу үшін жануардың табан іздерін, тырнақ іздері мен жүнін жинап жатыр", – деді орман шаруашылығының қызметкері Амол Мунде.
Ол мамандар аумақты тексеруді аяқтағанша тұрғындар мен фермерлерді орман шеттері мен төбелі жерлерге бармауға шақырды.
Бұған дейін Үндістанда 60 жастағы шопан қолтырауын шабуылынан қаза тапқаны хабарланған еді. Зейнеткер жыртқышпен жарты сағат бойы арпалысып, аман қалуға тырысқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:30, 12 қараша 2026
Әр шаршы метрге 36 литр су түскен: Алматы әкімдігі жауын салдарын айтып, арықтарға қоқыс тастамауға шақырды
-
12:16, 12 қараша 2026
Балалар алып питонмен қауіпті ойын ойнаған: ересектер оқиғаны видеоға түсірген
-
12:00, 12 қараша 2026
ҰҚК «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді
-
11:55, 12 қараша 2026
Ақшасын алып жоғалып кеткен: Алматыда интимдік қызметке қатысты оқиғадан кейін екі ер адам полицияға жүгінді
-
11:48, 12 қараша 2026
Аляскадағы адам өліміне әкелген жол апаты: Голливуд жұлдыздарының ұлы тергеуге алынды





