Балалар алып питонмен қауіпті ойын ойнаған: ересектер оқиғаны видеоға түсірген

12:16, 12 қараша 2026
MKZ: 1577364

© Сурет: видеодан алынған

Индонезияда бір топ бала алып питонды сырғанақ ретінде пайдаланып, оның денесінен сырғанап ойнаған. Ал ересектер бұл көріністі сырттай бақылап, видеоға түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Need To Know басылымының жазуынша, ерекше видео Ява жанартаулық аралында түсірілген. Кадрлардан балалардың алып жыланның денесімен сырғанап, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады. Ал айналасындағы ересектер еш қорқыныш танытпай, оқиғаны телефон камераларына түсірген.

Басылымның мәліметінше, видеода әлемдегі ең ұзын әрі салмағы жағынан үшінші орында тұрған торлы питон бейнеленген. Бұл жыландардың ұзындығы 6,5 метрге, ал салмағы шамамен 75 келіге дейін жетуі мүмкін.