Аляскадағы адам өліміне әкелген жол апаты: Голливуд жұлдыздарының ұлы тергеуге алынды
© Сурет: magnific
АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласында актерлер Антонио Сабато-кіші мен Вирджиния Мэдсеннің ұлы, 32 жастағы Джек Сабато ұсталды. Ол адам өліміне әкелген жол апатына қатысы бар деген күдікке ілінді. Оқиғадан кейін көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox News Digital басылымының құқық қорғау органдарына сілтеме жасап жазуынша, жол апаты 9 қараша күні таңғы сағат 05:48 шамасында болған. Көлік 42 жастағы Карл Симмондсты қағып кеткен. Ер адам жол жиегінен ес-түссіз күйде табылған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеген құқық қорғау органдары жаяу жүргіншіні ақ түсті Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көлігі қағып кеткенін анықтаған. Тергеу дерегінше, жүргізуші соқтығысқанға дейін де, одан кейін де көлікті тоқтатпай, оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін Джек Сабатоның атына тіркелген көлік Amazon қоймасының маңынан табылған.
Antonio Sabato Jr and Virginia Madsen's son arrested in fatal hit-and-run https://t.co/9jSyBNTIpa #FoxNews i expect him to get off in leftist LA.
— David Gladstone (@d14947) November 11, 2026
Полициямен әңгімелесу кезінде ер адам жұмыстан кейін DoorDash жеткізу қызметіндегі ауысымынан үйіне қайтып бара жатқанда бір нәрсені соғып кеткенін сезгенін айтқан. Оның сөзінше, ол жануарды қағып кеттім деп ойлаған. Көлік сақтандырылмағандықтан және соқтығысудан кейін фаралары зақымданғандықтан, тоқтамауды жөн көргенін жеткізген.
Джек Сабатоға зардап шеккен адамға көмек көрсетпей, жол-көлік оқиғасы орнынан кету, сондай-ақ адам жарақат алған немесе қаза тапқан апат орнын тастап кету бойынша айып тағылды.
Оның ата-анасы әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:35, 12 қараша 2026
Қара түстің орнын басатын жаңа реңк: стилист маусым трендін атады
-
11:25, 12 қараша 2026
12 қараша: Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:14, 12 қараша 2026
Тәрбиешіні моральға қайшы әрекеті үшін жұмыстан шығаруға бола ма: Конституциялық сот түсіндірді
-
11:03, 12 қараша 2026
«ҚазАвтоЖолдың» еншілес ұйымынан 35 млн теңге жымқырған бас бухгалтер сотталды
-
10:54, 12 қараша 2026
Іссапарда тұру және ұшу шығындары өтелетін лауазымды тұлғалардың тізімі жаңартылды





