Ақшасын алып жоғалып кеткен: Алматыда интимдік қызметке қатысты оқиғадан кейін екі ер адам полицияға жүгінді
© Фото: Zakon.kz
Алматыда интернеттегі хабарландыру арқылы танысқан қызбен кездесуі сәтсіз аяқталған екі ер адам полицияға жүгінді. Интимдік қызмет үшін келісілген ақшаны алған әйел аз уақытқа шығып келетінін айтып, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 11 қарашада Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Алатау ауданында болған. Ер адамдар интернеттен интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру тауып, қызбен кездесуге келіскен.
Кездесу қалалық қонақүйлердің бірінде өткен. Келісілген ақшаны алған әйел ер адамдардан өзін біраз күте тұруды сұрап, аз уақытқа шығып келетінін айтқан.
"Алайда ол қайтып оралуды ойламаған. Ер адамдар оны өз бетінше іздей бастап, көп ұзамай әйелді шағын азық-түлік дүкендерінің бірінен тапқан", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Осыдан кейін олар полиция шақырған. Оқиғаға қатысушылардың барлығы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әр тараптың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Еске салайық, 2026 жылғы 5 қазанда Алматыда күмәнді пәтердің қызметі әшкереленгені хабарланған болатын. Жалға алынған тұрғын үйге кірген полицейлер ол жерден 20 мен 35 жас аралығындағы төрт әйелді анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың әрқайсысы белгілі бір міндет атқарған: біреуі әкімшілік жұмыстармен айналысса, екіншісі тапсырыстар қабылдаған, ал қалған екеуі интимдік қызмет көрсеткен деген болжам бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:30, 12 қараша 2026
Әр шаршы метрге 36 литр су түскен: Алматы әкімдігі жауын салдарын айтып, арықтарға қоқыс тастамауға шақырды
-
12:22, 12 қараша 2026
Жолбарыс фермерді талап өлтіріп, денесін 500 метрге сүйреп әкеткен
-
12:16, 12 қараша 2026
Балалар алып питонмен қауіпті ойын ойнаған: ересектер оқиғаны видеоға түсірген
-
12:00, 12 қараша 2026
ҰҚК «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді
-
11:48, 12 қараша 2026
Аляскадағы адам өліміне әкелген жол апаты: Голливуд жұлдыздарының ұлы тергеуге алынды





