Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін не істеу керек?

20:53, 14 ақпан 2017

Бүгінгі күнге елімізде тіркелген автокөліктің саны 4,5 миллионға жетіпті. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын жол-көлік оқиғалары азайып келеді.

Дегенмен, Қазақстанда жолдағы адам өлімінің көрсеткіші Еуропа елдерін айтпағанда, іргелес көршілерден де көп болып тұр. Оны азайту үшін не істеу керек және нендей шаралар жасалып жатыр?

Бүгін біздің сараптамалық орталығымызда осы тақырып талданады. Әріптесіміз Әбдез Рахманұлы тікелей қосылуға дайын тұр. 

Әбдез Рахманұлы, тілші

-Көліктің көп болғаны – ол тұрғындардың тұрмысы жақсы екенінің бір көрінісі. Бір үйде жан басына бір-бір көліктен болса, таңданбаңыз. Бүгінде көлігің болмаса жүгіріп жүріп, жұмысыңды тындыра алмайсың.

Хош делік. Енді мына мәліметке назар аударайық. Осыдан бес жыл бұрын Қазақстанда тіркелген көліктің саны 3 миллион 641 мың болған екен.

Былтырғы есеп бойынша 4 миллион 426 мыңға жетіпті. Оның ішінде темір тұлпардың бар түрі жеңіл және жүк көліктері бар.   

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2015 жылы 18 917 жол-көлік оқиғасы болған екен. Ал былтыр ол 5 пайызға азайып, 17 974 апат тіркеліпті.

Осындай жол-көлік оқиғасы кезінде өткен жылы 2 390 адам қайтыс болған. Алдыңғы жылға қарағанда 2,7 пайызға аз. Дегенмен, әр 100 мың адамға шаққанда 15 адамнан келіп тұр. 

Жол қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық тұжырымдама жасау осындай жағдайдан соң қолға алынды.

Ернұр Уәли, Бас Прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ресми өкілі

-Біздер осы 2020 жылға қарай адам өлімі санын 6-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Яғни екі жарым есеге дейін азайту керек. Бұған ғылыми негізделген әртүрлі әдістемелер мен тетіктер қарастырылды. Олар медициналық, жол-көлік инфрақұрылымы және құқықтық, заңнамалық секілді біршама шаралар қарастырылып отыр.

Тарқатып айтсақ, адамдар көп шоғырланған тұстарда, әсіресе балалар көп жүретін жерлерде көліктің жылдамдығын бәсеңдету ұсынылып отыр. Сосын көлік жолдарының жағдайын әлдеқайда жақсарту қарастырылған. 

Ұзақ жолдың бойында елді мекеннен алыс жерлерде құтқару бекеттері көптеп салынады. Сонда апаттан зардап шеккендерге тез арада медициналық көмек көрсететін мүмкіндік артады. Бұл адам өлімін азайтатын фактор. Жол қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық тұжырымдама қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Оның экономикалық та астары бар. Жол-көлік апатынан орасан зор шығын келеді. Өткен қаңтар айында ғана 1 399 адам жарақат алыпты. 

Жыл сайын мыңға тарта адам осы жол-көлік оқиғасынан мүгедек болып қалады екен. Келтірілген әр санның артында адам тағдыры тұр. Сондықтан көшеде жүргенде абай болыңыздар дегім келеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!