Жоғарғы Сот есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандықты босатты

12:05, 21 қаңтар 2025

© Фото: freepik

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Нәдірбековке қатысты қылмыстық істі қарады. Сот үкімімен Нәдірбеков ҚК-ің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотталған (есірткі затын заңсыз өткізу). Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судьялар алқасы іс материалдарын зерделей келе, келесідей қорытындыға келді.

"Нәдірбековке тағылған айыпқа сәйкес шартты сатып алушыға заңсыз сатылған есірткі – "кептірілген марихуана", салмағы 0,69 гр...Нәдірбеков өз айғағында марихуананы аптасына 1-2 рет Telegram арнасы арқылы сатып алып, өзі тұтынанын тұрақты түрде атап көрсеткен. Оған танысы телефон соғып, марихуана қолдануды ұсынып, 20 мың теңге аударып, ол өзінің 5 000 теңгесін қосып, Telegram арнасы арқылы марихуананың 1 гр. сатып алған (белгі қою арқылы). Біразын өзі үшін құйып, қалғанын досының атынан келген Е. есімді жігітке (шартты сатып алушы) берген". ҚР Жоғарғы Соты

Бұл айғақтары басқа дәлелдемелермен сәйкес келеді. Шартты сатып алушының айғақтарына сәйкес, ол сотталғанмен 1 гр. марихуананы сатып алу туралы келіскен.

"Сараптама қорытындысы бойынша шартты сатып алушының сотталғаннан алған салмағы 0,69 грамм. Есірткілік заттарды беру ұзақ уақыт бойы – 2,5 сағаттан астам уақыт ішінде жүзеге асырылған. Бұл мән-жайлар сотталушының ақша аударылғаннан кейін ол Telegram арнасы арқылы есірткі сатып алып, кейін оның көп бөлігін куә "Е"-ге бергені туралы айғақтарын растайды". ҚР Жоғарғы Соты

Тыңдалған әңгімелерді талдау да сотталушының есірткі сатпағанын, керісінше оны сатып алуға көмектескенін көрсетеді. Сотталғаннан есірткі заттарын сатып алуға көмек сұралады, содан кейін ол және басқа адамдар оларды бірге қолдану мүмкіндігін қарастырады.

"Осыған байланысты сот алқасы Нәдірбековтың әрекетін ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 296-бабының 2-бөлігі бойынша есірткі затын заңсыз сатып алуға жәрдемдесу ретінде қайта саралады. Жазасының мерзімін өтеуіне байланысты Нәдірбеков қамаудан босатылды",- деп мәлімдеді сот баспасөз қызметі.

Бұған дейін үш қазақстандықтың криптовалюта айырбастау бизнесінің кесірінен бас бостандығынан айырылғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!