Қызылордада үй маңынан қызыл кітапқа енген қарақал табылды
© Сурет: Рахымжан Бурабаев
Сирек кездесетін жануар екі күн бұрын қызылордалық Илина Лидің ауласын кезген. Тұрғын оның жай ғана асыл тұқымды мысық емес екенін түсініп, құтқару қызметіне қоңырау шалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдің айтуынша, жануар өзін агрессивті ұстамаған, керсінше қорқып қалған.
"Мен оны үй жануары деп ойладым, себебі оның жақсы күтімі оның жабайы жыртқыш екендігін аңғартпайды. Артынша, біз оның сілеусін екендігін түсіндік. Осылайша, бірден құтқару қызметіне және жануарлар дүниесін қорғау комитетіне қоңырау шалдық. Мамандар келіп, бұл мемлекеттік қорғауына алынған сирек кездесетін жыртқыш – қарақал екендігін айтты",- деді Илина Ли.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Рахымжан Бурабаев облыста мұндай жағдай алғаш рет тіркелгенін айтты. Бұған дейін сирек кездесетін құстардың, жыртқыштардың адамдардың үйіне кірген оқиғасы болмаған. Оның айтуынша, жыртқыш тек ашыққан кезінде ғана емес, адамдардың көмегіне мұқтаж болған кезде де жақындауы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда қарақалға көмек қажет болмаған.
"Жақсы күтімді жануар. Мүмкін сатып алынған, бірақ қашып кеткен болуы да ғажап емес. Дегенмен, ешкім полицияға немесе біздің қызметке каракалдың жоғалғаны туралы хабарласпады. Егер иесі табылса, ол ҚР Заңының алдында жауап береді. Себебі, қызыл кітапқа енген құстар мен жануарларды сатуға, үйде ұстауға тыйым салынады. Қарақалды Шымкент хайуанаттар бағына апарып жатырмыз, енді ол сонда мекен етеді",- деді Рахымжан Бурабаев.
Маманның айтуынша, қарақал дала сілеусіні деп те аталады, Қазақстанның сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларының Қызыл кітабына енгізілген. Қызылорда облысында ол жоқ.
Қазақстанда ол Каспий жағалауында, Маңғышлақ түбегінде, ал шетелде – Солтүстік және Орталық Африканың көп бөлігінде, Араб түбегінің бүкіл жағалауында, Таяу Шығыста, Кіші және Орта Азиядан Кавказға дейін мекен етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:31, 20 қаңтар 2025
Мәнерлеп сырғанаушыларымыз Азия ойындарында алтын медальға үміт арта алады ма
-
19:23, 20 қаңтар 2025
«Оқушы қызды секс құлдыққа жегу ісі»: Қызылордада басты сот отырысы басталды
-
18:57, 20 қаңтар 2025
Қазақстанның қай өңірлерінде 21 қаңтарда қар жаууы мүмкін екені белгілі болды
-
18:50, 20 қаңтар 2025
Жамбыл облысында «диплом сатып алып беретін» алаяқ әйел сотталды
-
18:26, 20 қаңтар 2025
Атырауда 10 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған пәтер ұрысы ұсталды