Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті
© Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.
Ауқымда шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен шаһар тұрғындары қатысты.
"Киелі шаһарымыздың тазалығына ат салысқан әрбір азаматқа алғысым шексіз. Түркілердің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне тікелей байланысты. Бүгінгі жалпыхалықтық тазалық жұмыстары нәтижесінде өңірге ат басын бұрып, қонақ болушылар саны да арта түспек. Себебі, қаланың көркі зәулім сарайлары ғана емес, тазалығына да тікелей байланысты"- деді шаһар басшысы.
Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны "Тазалық – денсаулық кепілі" екенін ұғынып, әрбір адам өз ауласын таза ұстау қажеттігін айтты.
"Біз секілді ерікті жастар қаламыздың көркеюіне үлес қосуға қашанда дайын. Замандастарымды игі істен қашпай, өзіміз мекен екен киелі шаһардың тазалығына ұқыптылықпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға барымызды салуымыз керек"-деп пікір білдірді ерікті жастардың көшін бастаған Дәурен Тілеухан.
Шараға 500-ге тарта түркістандықтар қатысып, 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді. Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылыр тұрмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:23, 20 қаңтар 2025
«Оқушы қызды секс құлдыққа жегу ісі»: Қызылордада басты сот отырысы басталды
-
18:57, 20 қаңтар 2025
Қазақстанның қай өңірлерінде 21 қаңтарда қар жаууы мүмкін екені белгілі болды
-
18:50, 20 қаңтар 2025
Жамбыл облысында «диплом сатып алып беретін» алаяқ әйел сотталды
-
18:26, 20 қаңтар 2025
Атырауда 10 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған пәтер ұрысы ұсталды
-
18:14, 20 қаңтар 2025
«Параны «эскиздер» деп атаған». Қорғаныс министрлігінің шенеунігі 4 жылға сотталды