Жиында өзімен ұрсысқан әйелді жамандаған әкімнің аудиожазбасы әшкере болды

12:49, 30 шілде 2021

© Сурет: Бәйтерек ауданының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Махамбет ауылының әкімі Бейбіт Аманғалиев ауылдасын қорлағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталы хабарлағандай, Аманғалиевке қатысты тәртіптік іс 29 шілдеде БҚО Мемлекеттік қызмет агенттігінің департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

Бөлімнің бас маманы Дәурен Хайровтың айтуынша, Махамбет ауылының тұрғыны Таңжарықова оның үстінен шағымданған. Әйел Бейбіт Аманғалиевтің өзіне тіл тигізіп, абыройы мен қадір -қасиетін түсіріп, қорлағанын айтты.

Тұрғындардың жиналысы кезінде ауыл әкімі мен Таңжарықова сөзге келіп, айғайласып қалған. Кейін Бейбіт Аманғалиев ват-сап арқылы басқа адамға дауыстық хабарлама жіберіп, ауылдасын қорлайды. Осы аудио жазба қандай да бір жолмен Таңжарықованың қолына түскен. Ол арада тыйым салынған сөздер жоқ, бірақ адамның абыройы мен қадір -қасиетіне тиетін сөздер болды, - дейді Дәурен Хайров.

Әкім өзінің қателігін мойындап, өзінің ауылдасын ренжіткісі келмегенін айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Бейбіт Аманғалиевті жазалап, оған "қатаң сөгіс" жариялау туралы шешім қабылдады.

Бейбіт Аманғалиев мемлекеттік қызметте 11 жыл жұмыс істейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!