Жетісу облысының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарына табиғи газ берілді
© Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ
Панфилов ауданының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарында газдандыру жұмысы аяқталып, алғаш рет табиғи газ іске қосылды. Нәтижесінде 302 үй газ желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету үшін 52,8 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеуіш бекеті мен бес шкафты газ реттеуіш пункті орнатылды.
Газ Панфилов ауданында орналасқан "Жаркент" автоматтандырылған газ тарату станциясынан беріледі. Оның қуаты көгілдір отынға қосылған үйлерді сенімді әрі үздіксіз газбен қамтамасыз етуге толық жетеді.
"Газдандыру, ең алдымен тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі. Осындай жобаларды жүзеге асыру ауылдық елдімекендерде өмір сүруге қажетті жағдай жасап, олардың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаев.
Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ газдандыру – Жетісу облысының газ инфрақұрылымын кеңейту жұмысының бір бөлігі.
Жаңа желілердің тартылуы тұрғындардың табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етіп, ауылдық жерлердегі заманауи инженерлік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.
Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысында Кербұлақ ауданының тоғыз елдімекені газдандырылды.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Мемлекет басшысының елімізді газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізу тапсырмасы аясында Энергетика министрлігі, "QazaqGaz" ҰК" АҚ және өңірлер әкімдіктерімен бірлесе отырып, газ тарату инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 16 қазан 2026
Әл-ауқат санаттарын анықтайтын калькулятор қателескен жағдайда не істеуге болады
-
17:43, 16 қазан 2026
Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі «табысты» есепке алады ма - министр жауабы
-
17:43, 16 қазан 2026
Әл-ауқат санаты калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі «табысты» есепке алады ма - министр жауабы
-
17:20, 16 қазан 2026
Қос келісімшарт пен көрсетілген жалған қызмет: сотта прокурор Боқаевтың алаяқтық схемасын әшкере етті
-
17:12, 16 қазан 2026
Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтері ірі операцияны жүзеге асырды








