Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңінен ақпараттық науқан өтті

16:00, 29 желтоқсан 2024

© Сурет: фото к материалам - МОО "Жетісу жастары ұйымының Конгресі"

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның әл-ауқатына үлкен зиян келтіретін күрделі әлеуметтік мәселе. Ол азаматтардыңмемлекеттік органдарға деген сенімін әлсіретіп, экономикалық шығындар мен саяси тұрақсыздыққа алып келеді.

Сондықтан бұл мәселеге қарсы жүйеліәрі кешенді шаралар қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру – мемлекеттің негізгібасымдықтарының бірі. Бұл бағытта құқықтық сауаттылықты арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде адалдық қағидаларын тәрбиелеу, цифрлық технологияларды енгізу және қоғамдық бақылауды күшейту басты рөл атқарады.

Жетісу облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 16:00

Сурет: "Жетісу жастары ұйымының Конгресі"

Қазақстанда 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты– қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайту арқылы жемқорлықты жою. Әрбір азаматтың белсенділігі мен заңға бағынуы – бұл күрестің табыстылығының кепілі. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз сыбайлас жемқорлықтан азат, әділетті қоғам құра аламыз.

Осыған сәйкес, биылғы жылы Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған кеңінен ақпараттық науқан жүргізілді.


Жетісу облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 16:00

Сурет: "Жетісу жастары ұйымының Конгресі"

Науқан аясында облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында халық көп шоғырланған орындарда ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары, құқықтық кеңес беру, арнайы әзірленген 2 000-нан ақпараттық брошюралар тарату және 113 ауылдық округ пен 6қалада 150 дана билбордтар орналастырылды.

​Сонымен қатар, өңірде 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мәдениетті көтеру мақсатында оқушылар, волонтерлер, жастар, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ, БАҚ және бизнес өкілдерінің қатысуымен 5 ірі жоба іске асырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!