Жетісу облысында кісі өліміне түрткі жол апатына кінәлі азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды

13:58, 6 желтоқсан 2025

© Сурет: Zakon.kz

Жетісу облысында сот кісі өліміне түрткі жол апатына кінәлі азаматқа қатысты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаратал ауданының прокуратура бастамасымен пробациядағы тұлғалар, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің студенттері және тасымалдаушылар үшін көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды.

"Соттың үкімімен кінәлі азамат екі тұлғаның өліміне әкелген ЖКО жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қатысушыларға жол қауіпсіздігі талаптары мен оның салдары түсіндірілді. Қатысушыларға жол қауіпсіздігі талаптары мен оның салдары түсіндірілді", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы прокуратура автомобиль жолдарының жай-күйіне және уәкілетті органдардың профилактикалық жұмысының тиімділігіне тексеру жүргізді.

"Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қауіпті учаскелерге жүргізушілердің назарын арттыру мақсатында қосымша жол белгілері мен жануар бейнесіндегі макеттер орнатылды".

Айта кетсек, 5 желтоқсанда Астанада шағын автобус пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!