Жеті жыл ішінде он мыңдаған шақырым автокөлік жолы мен темір жолдар салынып, жөнделді – Президент
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның көлік инфрақұрылымы, халықаралық беделі және цифрлық даму бағытындағы жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент елімізде жасанды интеллект технологияларын енгізу үшін қажетті инфрақұрылым дамып жатқанын атап өтті.
"Сонымен қатар Қазақстан дүние жүзінде болып жатқан түбегейлі цифрлық өзгерістерге белсене қатысуда. Елордамызда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы мен заманауи Astana Hub технопаркі жұмыс істейді. ІТ қызметтердің экспорты 1 миллиард доллардан асты. Екі суперкомпьютер іске қосылды. Оның игілігін отандық компаниялар мен ғалымдар көріп жатыр. Жақында аса қуатты тағы бір суперкомпьютер пайдалануға беріледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы аясында жасанды интеллект қоғамның барлық саласына енгізілетінін жеткізді.
"Жаңадан салынып жатқан дата орталықтар кластері – Деректерді өңдеу орталығының алқабы цифрлық экономиканың берік негізін қалайды. Біз Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыруды қолға алдық, жасанды интеллект технологиясы қоғамның барлық саласына енгізіледі. Мұның бәрі – цифрлық, басқаша айтқанда, халқымыздың игілігіне қызмет ететін өркендеген мемлекет құруға бағытталған қадам", – деді президент.
Тоқаев Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы көлік, энергетика және цифрлық байланыстарды қамтамасыз етудегі рөліне де тоқталды.
"Жеті жыл ішінде он мыңдаған шақырым автокөлік жолы мен теміржолдар салынып, жөнделді. Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған көлік, энергетика және цифрлық тораптар Қазақстан арқылы өтіп жатыр", – деді мемлекет басшысы. Президент Қазақстанның дамыған, тұрақты әрі зайырлы мемлекет ретінде танылып, орта держава ретінде әлемдік тәртіптің нығаюына елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. "Сындарлы және жауапты сыртқы саясаттың арқасында еліміздің әлемдік абырой-беделі артуда. Қазақстан төлқұжатының мәртебесі жоғары. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері үшін барлық елдің есігі ашық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:13, 23 қазан 2026
Оралда жүк көлігі қағып, ауыр жарақат алған балаға 10 млн теңге өтемақы тағайындалды
-
14:05, 23 қазан 2026
Ақмола облысында заңсыз алтын іздеушілерді ұстау кезінде полиция аспанға оқ атты
-
13:53, 23 қазан 2026
Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады
-
13:48, 23 қазан 2026
Ақордада «Астана-Көгалдандыру құрылысы» мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына «Құрмет» ордені табысталды
-
13:36, 23 қазан 2026
Республика күнінің қарсаңында адал еңбегімен үлгі болған екі мыңнан астам азамат марапатталды





