Жерді рұқсатсыз басып алу жағдайында қандай жаза қарастырылған
© Сурет: freepik
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің қызметкерлері Жетісу облысының Көксу ауданында жер қойнауын пайдаланушының жерді рұқсатсыз басып алу фактісінің жолын кесіп, бұл үшін заңнама бойынша қандай жаза қарастырғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитеттің аумақтық департамент өкілдерінің тексеру нәтижесі бойынша ЖШС-мен мемлекет меншігіндегі көлемі 1,92 га жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактісі анықталды.
"Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабына сәйкес шаралар қабылданып, соммасы 553 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекет кірісіне өндірілді",- делінген ведомствоның 17 шілдедегі ақпаратында.
ҚР ӘҚБтК-нің 136-бабында жазылғандай, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иемдену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама түрде бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленетін мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтармау келесі мөлшердегі айыппұлдарды салуға әкеп соғады:
- жеке тұлғаларға - 75 АЕК (276 900);
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 100 АЕК (369 200);
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 150 АЕК (553 800);
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерге - 700 АЕК (2 584 400).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





