Жер опырылып, ыстық суға құлаған қазақстандық өтемақы алды

09:43, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563668

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлап кеткен ер адамға өтемақы төленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар тұрғыны төрт жасар баласымен серуендеп жүрген кезде кенеттен жер опырылып, астына түсіп кеткен. Ол денесінің 7 пайызын күйік шалып, дәрігерлер жағдайын орташа жарақаттанған деп бағалаған. Абырой болғанда әкесі құлаған кезде баласы зардап шекпеген.

КТК телеарнасының мәліметінше, оқиғаға жауапкершілікті жергілікті жылу желілері өз мойнына алған. 26 тамызда жылу желілерінің басшылығы зардап шеккен азаматқа өтемақы төленгенін мәлімдеді. Алайда нақты қанша сома төленгені айтылмады. Кәсіпорын директорының сөзінше, ер адамның ешқандай шағымы жоқ.

Оқиғаның себебі жылу магистраліндегі құбырдың жарылуы деп түсіндірілді. Төтенше жағдай болған учаске соңғы рет 15 жыл бұрын жөнделген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!