«Болашақ» стипендиясының иегерлері мен ғылыми тағылымдамаға қатысушылардың есімдері белгілі болды
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстанда "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
"Жаңа стипендиаттардың 179-ы магистратурада, 12-сі докторантурада, тағы біреуі бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алады. Сонымен қатар Қазақстанның 40 азаматы шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды", – деп жазды ол Telegram-арнасында.
Ғылым және жоғары білім министрі "Болашақ" бағдарламасы шетелде білім алу мүмкіндігі ғана емес, адам капиталы мен Қазақстан экономикасының болашағына салынған инвестиция екенін атап өтті.
"Біздің міндетіміз – елге озық білім мен біліктілік аса қажет бағыттар бойынша мамандар даярлау. Олардың қатарында атом өнеркәсібі, медицина, инженерия, жасанды интеллект, жаңа материалдар, энергетика, биотехнология және басқа да жоғары технологиялық салалар бар. Мамандарымыздың елге жай ғана дипломмен емес, Қазақстанның дамуына қызмет ететін жаңа біліммен, технологиялармен және халықаралық тәжірибемен оралуы маңызды", – деді Саясат Нұрбек.
Министр елімізге жаңа өндірістер құрып, озық технологияларды енгізуге және болашақтың салаларын қалыптастыруға қабілетті кадрлар қажет екенін айтты.
"Барлық стипендиатты құттықтаймын! Табысты оқу, жарқын жаңалықтар, берік кәсіби байланыстар және ең бастысы, Қазақстанды алға жетелейтін идеялар мен білім алып, елге оралуларыңызға тілектеспін", – деді министр.
"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі сілтеме арқылы қолжетімді. Ал "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасына қатысушылардың есімдерін осы жерден көруге болады.
7 тамызда Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін жариялаған еді. Оған сәйкес, 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
24 тамызда магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 27 тамыз 2026
Қазақстанда жол, әуежай және пойыздарды бақылау үшін ЖИ қалай қолданылады
-
11:46, 27 тамыз 2026
Дастан Сатпаев алғаш рет негізгі құрамда ойнады, алайда «Бернли» кубоктан ұшты
-
11:40, 27 тамыз 2026
Ресейде t.A.T.u. тобының концерті болмайтын болды
-
11:31, 27 тамыз 2026
Алты пәтер, көлік және 280 млн теңгенің активтері тәркіленді: Қазақстанда заңсыз несие берген өсімқор сотталды
-
11:22, 27 тамыз 2026
27 тамыздағы Астана, Алматы және Шымкенттің ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы





