Жеңіс қаһармандары: конференция қатысушылары «Алтын жұлдыз» иегері атанған қазақстандықтарды еске алды
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Алматыда "Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі" атты конференция өтті. Кездесу барысында қазақстандық және ресейлік сарапшылар екі ел жастарын тарихи естеліктерді сақтауға шақырып, тарихи ортақ мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, бұл іс-шара Жеңістің 80 жылдығын бірлесе атап өтудің бастамасы болды.
Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.
Аида Балаева қатысушыларды айтулы мерейтоймен құттықтап, қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы кеңінен баяндады.
Қазақстандықтар Мәскеу, Сталинград, Ленинград түбінде ерлікпен шайқасып, Балтық елдері, Украина, Польша, Германия, Франция, Қытай жерлерінде партизандық қозғалыстарға қатысты.
Қазақстандық Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Леонид Беда, Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов, Сергей Луганский есімдері Жеңіс кітабына алтын әріптермен жазылды.
"Кеңес Одағының Батыры "Алтын жұлдыз" марапатын алған қазақстандықтардың нақты саны – 528 адам. Алайда, барлығы тек санмен өлшенбесі анық. Өмірін құрбан етіп, жүздеген мың адамның өмірін сақтап қалған, бірақ марапатталмаған жандар да өте көп", – деді Аида Балаева.
Министр "Тізімде жоқ" фильмін атап өтіп, онда Брест қамалын қорғаған 3000 қазақстандық туралы баяндалғанын сөз етті.
"Басқа да жауынгерлермен бірге иық тіресе шайқасып, қамалды қорғағандардың қатарында саяси жетекшінің орынбасары Қасым Баталов, кіші сержант Григорий Буянов, әскери фельдшер Владимир Доценко, танкист Қасым Жәрменов, радист Ғаббас Жұматов, взвод командирінің орынбасары Нығмет Ілиясов, сержант Көпесбай Имамқұлов, саяси жетекші Мұртаза Карслыев, пулеметші Евгений Качанов, автоматшы Сергей Лебедев бар. Брест қаласының вокзалы маңында 44-атқыштар полкі шайқасып, онда біздің әріптесіміз, "Ленинская смена" газетінің бұрынғы жауапты хатшысы Павел Гончаров ерлікпен қаза тапты", – деді министр.
Жау басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа 3,5 мыңнан астам қазақстандық қатысса, Қазақстан жерінен әскерге шақырылған 300-ге жуық сарбаз фашистік концлагерьлерден қашып шығып, Италия мен Франциядағы Қарсыласу қозғалысының қатарында шайқасқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:44, 8 сәуір 2025
Алматыда автобуспен соқтығысқан жеңіл көліктің түгі қалмады
-
22:10, 8 сәуір 2025
«Атырау» футбол клубы қайтадан мемлекет меншігіне өтті
-
21:56, 8 сәуір 2025
Нұрлан Оразбаев «Барыс» бас директоры қызметінен кетті
-
21:36, 8 сәуір 2025
Алматыда жас келіншек биіктен құлап мерт болды
-
21:12, 8 сәуір 2025
Жамбыл облысында полиция тасжолдағы автокөліктен 34 келі гашиш тапты
Танымал жаңалықтар
-
12:36, 8 сәуір 2025
-
10:35, 8 сәуір 2025
-
10:24, 8 сәуір 2025
-
12:25, 8 сәуір 2025
-
09:02, 8 сәуір 2025
-
10:55, 8 сәуір 2025
-
11:09, 8 сәуір 2025
-
12:46, 8 сәуір 2025
-
11:24, 8 сәуір 2025
-
10:15, 8 сәуір 2025
-
10:05, 8 сәуір 2025
-
09:01, 8 сәуір 2025
-
10:47, 8 сәуір 2025
-
13:08, 8 сәуір 2025
-
11:16, 8 сәуір 2025