Жеделсаты ішіндегі шабуыл: жасөспірімге «мәжбүрлеп емдеу» түріндегі жаза тағайындалды
© Сурет: видеодан алынды
Астанада жеделсаты ішінде жас балаға шабуылдаған 14 жасар жасөспірімге сот арнайы мекемеде мәжбүрлеп емделу түрінде жаза тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада 2025 жылы ақпан айында психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын жасөспірім жеделсаты ішінде бес жасар баланың бетін пышақпен жарақаттаған. Зардап шеккен бала көп қан жоғалтты, дәрігерлер оның өміріне араша бола білді. Жасөспірімнің қоғамнан оқшаулауға жатпайтыны және дәрі-дәрмегін уақтылы қабылдап отырса айналасына қауіп те төндірмейтіні белгілі болды.
2025 жылы 12 мамырда Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 14 жасар .- ге қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулысы бар қылмыстық іс келіп түсті.
"Сот К.-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұра отырып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған адамға яғни Е.-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады. Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, К. созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндірген", делінген іс материалдарында.
Сот жасөспірімнің мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді деп тапты. ҚР ҚК 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
"Сот қаулысына сәйкес, К-ге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды", делінген сот үкімінде.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Астанада жеделсаты ішінде болған шабуыл: Ішкі істер министрлігі қылмыстық істің тергелуіне байланысты түсініктеме берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





