Жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен қазақстандық түрмеге тоғытылды
© Фото: akorda.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауданаралық соты медицина қызметкеріне күш қолданған азаматты 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотпен анықталғандай, 2026 жылғы 23 маусымда сағат 12:00 шамасында СҚО Шал ақын ауданы Ұзынжар ауылының маңында сотталушы мас күйінде өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген медицина қызметкеріне қатысты қасақана зорлық-зомбылық қолданған.
Белгілі болғандай, айыпталушы жәбірленушінің оң жақ сирағынан аяқпен бір рет және іш тұсынан бір рет соққы жасап, сондай-ақ оның екі білегінен қос қолдап ұстап, дене жарақатын салып, физикалық ауырсыну келтірген.
"Құқық бұзушының заңсыз әрекеттері оқиға орнына келген полиция қызметкерлерімен тоқтатылды". Шал ақын ауданының ауданаралық соты
Ер адамның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жиналған дәлелдемелермен, сондай-ақ өз кінәсін мойындау туралы айғақтарымен толық дәлелденді. Ол ҚР ҚК-нің 380-3-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеумен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде тағайындады".
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 24 шілде 2026
Қазақстан Ұлттық банкі қатарынан екінші мәрте базалық мөлшерлемені төмендетті
-
13:25, 24 шілде 2026
Қарағанды қаласының аумағы 281 гектарға ұлғайды
-
13:17, 24 шілде 2026
Қазақстанға нөсер жаңбыр мен найзағай келеді, бірақ аптап ыстық +41 градусқа дейін күшейеді
-
12:53, 24 шілде 2026
Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 41 нысан сүрілді
-
12:44, 24 шілде 2026
Көлігін автосалон арқылы сатпақ болған 30-дан астам қазақстандық жаяу қалды





