«Жасыл әлемді бірге құрайық!»: 10 мыңнан астам жамбылдық оқушы ағаш тұқымдарын екті
© Фото: zakon.kz
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы Ш. Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірге "Жасыл әлемді бірге құрайық!" атты экологиялық акцияға қатысты.
Акцияның мақсаты – ағаш тұқымдарын егу және өсіру арқылы мектеп оқушыларының табиғатқа деген ықыласын оятып, қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Ербол Қарашөкеев оқушылармен бірге қылқан жапырақты ағаш тұқымдарын (бозарша, арша, шырша, қарағай) екті.
Балалар көктемде еккен ағаш тұқымдарын оқу жылының соңына дейін сыныптарында бақылап, күтіп-баптайды. Жазғы демалыс кезінде олар жас өскіндерді үйлеріне апарып, күтім жасауды жалғастырады. Күзде сол көшеттерді мектеп ауласына отырғызу жоспарлануда.
Облыс әкімі еккен ағаш тұқымдарының өсіп-өнуін бақылауды мектеп-гимназияның президенті Мерей Дәулеткерей өз жауапкершілігіне алды.
"Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алған болатын. Бүгінде бұл акция ел аумағында экологиялық тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды іс-шараға айналды. Сіздер де туған жердің тазалығын сақтауға және оның көркеюіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаның тамаша көрінісін сақтау – әрбір азаматтың борышы. Күз мезгілінде ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне куә болайық!" - деген өңір басшысы балаларға оқуда озат болып, биік шыңдарды бағындыруларына тілектестігін білдірді.
Шара барысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған "Мен Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын?" атты облыстық шығармалар байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Байқауда 2 530 оқушы бақ сынап, оның ішінде 3 үздік шығарма иесі – Т. Рысқұлов ауданынан Нұрәли Керімбек, Жуалы ауданынан Айдын Артықбай және Тараз қаласынан Заңғар Айтбай жеңімпаз атанды.
Облыс әкімі жеңімпаздарға велосипед сертификаттарын табыстады.
Айта кетейік, Жамбыл облысында "Жасыл әлемді бірге құрайық!" акциясына 248 мектептің 10 375 оқушысы өз үлестерін қосты. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы білім бөлімдеріне ағаш тұқымдарын таратып, тұқым егу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар ұсынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 12 сәуір 2026
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:37, 12 сәуір 2026
Қайғылы оқиғаға ұласқан көлік ұрлығы: Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты
-
16:59, 12 сәуір 2026
13 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:31, 12 сәуір 2026
Алматы облысында 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған
-
15:54, 12 сәуір 2026
Атырау – Құлсары арасында Shacman жүк көлігі жолдан шығып кетті





