Жапонияда алып вирус табылды
© Сурет: pexels
Жапон ғалымдары белгісіз алып вирусты анықтады. Бұл жаңалық Жер бетінде күрделі көпжасушалы ағзалар қалай пайда болды деген мәселеге жарық түсіруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Gazeta.ru басылымының жазуынша, алып вирустар ұзақ уақыт бойы ғалымдардың назарынан тыс қалып келген. Үлкен көлеміне байланысты оларды жиі бактериялармен шатастырған, тек соңғы ондаған жылда ғана олардың вирустардың ерекше әрі өте алуан түрлі тобы екені белгілі болды.
Ғалымдардың айтуынша, вирустар әртүрлі түрлер арасында гендерді тасымалдай алады, тіпті өз ДНҚ-сын иесінің геномына енгізуге қабілетті.
Мысалы, адам геномының шамамен 8%-ы ежелгі ретровирустардың қалдықтарынан тұрады. Дәл осы вирустар омыртқалыларда плацентаның және жүйке жүйесінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған.
Жаңа вирус Жапониядағы Ибараки префектурасында, Токио маңында орналасқан Усики-нума атты тұщы су тоғанынан табылды.
Ushikuvirus алып вирустардың бірнеше белгілі тобына тән белгілерді қатар бойына жинақтағанымен, сонымен бірге өзіндік бірегей қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, бұл вирус иесінің жасушаларын қалыптан тыс үлкейтіп жібереді.
Зерттеу авторларының айтуынша, ushikuvirus пен басқа алып вирустар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыру олардың эволюциялық тарихын қалпына келтіруге және күрделі жасушалардың қалыптасуында қандай рөл атқарғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 3 ақпан 2026
Садыр Жапаров жол апатынан қаза тапқан ұлы мен бауыры жайлы сыр шертті
-
12:48, 3 ақпан 2026
Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты
-
12:36, 3 ақпан 2026
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне қалай шағымдануға болады
-
12:27, 3 ақпан 2026
129 қылмыстық іс, 18 млрд теңге залал: ҰҚК елдегі жемқорлықтың ауқымын ашты
-
12:18, 3 ақпан 2026
«Халық бухгалтері» акциясының алғашқы нәтижелері





