«Халық бухгалтері» акциясының алғашқы нәтижелері
© Фото: freepik
ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарымен бірлесіп, 5 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге қолдау көрсету, бухгалтерлік және салық есептілігінің сапасын арттыруға бағытталған "Халық бухгалтері" акциясын қолға алған болатын, оның алғашқы нәтижелері жайлы толығырақ ақпаратта.
Аталған акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Негізгі форматы облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында тегін офлайн-консультациялар беру.
Қаңтар-ақпан айларында консультациялар аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі. Ал наурыз айынан бастап аптасына екі рет өткізіледі. Қабылдау кестесі мен мекенжайлар МКК, МКД және МКБ ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердегі аққауынттарында жарияланған. Қабылдау орындары "Халық бухгалтері" деген маңдайша жазуымен белгіленген.
Ведомство мәліметінше, акцияға мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері және 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер тартылды.
Акция басталғалы бері:
- 17,5 мыңнан астам салық төлеушіге кеңес берілді;
- 160-тан астам сұхбат ұйымдастырылды;
- БАҚ-та, телеарнада, радиода және әлеуметтік желілерде 2,5 мыңға жуық материал жарияланды;
- блогерлер мен инфлюенсерлерден 163 видео пікір алынды.
"Шынайы диалог форматы өзінің тиімділігін байқатып, салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша практикалық кеңес алды". ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметі
Акция шеңберінде салық төлеушілерге консультациялар беріледі:
- оңтайлы салық режимін таңдау және өтпелі кезең мәселелері бойынша;
- арнайы салық режимдеріндегі салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер;
- электронды шот-фактураларды жазып беру;
- ҚҚС шегі, АСР және ЖБР кезінде ҚҚС бойынша есептен шығару мен қою;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері;
- салық міндеттемелерін орындау тәртібі және т. б.
"Халық бухгалтері" акциясы жалғасып келеді. Осы орайда кәсіпкерлер мен азаматтарды тегін кәсіби кеңес алып, салық саласындағы сауаттылығын арттыруға шақырамыз!",- деп мәлімдеді ведомство мамандары.
"Халық бухгалтері" республикалық акциясы – қазақстандықтарға тегін кеңес беруге бағытталған жоба. Бұл бастаманың мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің талаптарын бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелерді пайдалану саласында халыққа түсінікті әрі тәжірибелік тұрғыда түсіндіру, сондай-ақ салық төлеушілерге қызмет көрсетуге негізделген сервистік модельге көшуге жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты толығырақ мәліметті сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:16, 3 ақпан 2026
Жаңа Салық кодексі: мамандар маңызды сұрақтарға жауап берді
-
14:09, 3 ақпан 2026
Жалған актілер мен 16 млн теңге: Жамбыл облысында аурухана құрылысы кезінде құқықбұзушылықтар анықталды
-
13:58, 3 ақпан 2026
50 тәулікке дейін қамау: қазақстандықтарға қандай әрекеттер үшін жаза көзделген
-
13:49, 3 ақпан 2026
Оралда полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні қолға түсірді
-
13:36, 3 ақпан 2026
Ақтауда есірткі заттарының заңсыз айналымы әшкереленді





