129 қылмыстық іс, 18 млрд теңге залал: ҰҚК елдегі жемқорлықтың ауқымын ашты

12:27, 3 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3 ақпанда қаңтар айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жыл басынан 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 110 сыбайлас жемқорлық.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.

"89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 млрд теңгені құрады, бюджетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды",- делінген ақпаратта.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!