Жапония 15 жыл бұрынғы АЭС-тегі апаттан кейін саланы қайта жаңғыртуға көшті
© Сурет: flickr/NRCgov
16 ақпанда Tokyo Electric Power Company (TEPCO) компаниясы Ниигата префектурасында орналасқан Касивадзаки-Карива атты АЭС-тің алтыншы энергоблогынан электр энергиясын беру бойынша сынақ жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл – 14 жыл ішіндегі алғашқы электр беру әрекеті. Станция реакторлары 2011 жылы болған Фукусима-1 атом электр станциясы апатынан кейін бір жыл ішінде кезең-кезеңімен тоқтатылған болатын.
Қазір шамамен бір тәулік ішінде электр беру қуаты біртіндеп арттырылып, оңтайлы деңгейге жеткізіледі. Бұдан кейін сынақ процесі тоқтатылып, мамандар алынған деректерге жан-жақты талдау жүргізеді.
Реакторды толыққанды коммерциялық пайдалануға беру 18 наурызға жоспарланып отыр.
Жапонияның атом энергетикасын қадағалау басқармасы "Касивадзаки-Карива" станциясындағы техникалық мәселелер нысанның өзіне қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Радиоактивті заттардың таралуы немесе станция аумағында және оған жақын жерлерде радиация деңгейінің өзгеруі тіркелмеген.
Бұған дейін Қазақстандағы екінші атом электр стансасы да Алматы облысында салынатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:56, 17 ақпан 2026
Семейде колония аумағына екі келіден астам марихуана лақтырмақ болғандар ұсталды
-
13:46, 17 ақпан 2026
Елордада ірі көлемдегі есірткі тәркіленді: гашиш пен мефедрон сақтаған күдіктілер ұсталды
-
13:34, 17 ақпан 2026
Талдықорғанда интернет-алаяқтық құрбанына айналған әйелге 2,5 млн теңге қайтарылды
-
13:28, 17 ақпан 2026
3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: Шымкентте интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен арна жойылды
-
13:14, 17 ақпан 2026
Қазақстанда отандық өндірістегі автомобильдер арзандайды





