«3 млн теңге мен алтын бұйымдар»: Түркістан облысында немересі әжесін тонаған
© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында жас жігіт өз әжесін тонап, оның жинаған 3 млн теңгесі мен алтын зергерлік бұйымдарын қолды еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar.kz мәліметінше, Сауран ауданында зейнеткер полицияға пәтеріне ұры түскенін айтып, арызданған. Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол жәбірленушінің немересі болып шықты.
"Жас жігіт ересектердің үйде жоқтығын пайдаланып, күндізгі уақытта пәтерге кіріп, жатын бөлмедегі сейфті бұзып, 3 млн теңге мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Жалпы материалдық шығын шамамен 7 млн теңгені құрады. Күдікті ұрланған зергерлік бұйымдарды сауда нүктелерінің біріне өткізген", делінген 2026 жылдың 16 ақпанында жарияланған басылым ақпаратында.
Барлық қажетті процессуальды шаралар заңға сәйкес жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Бұған дейін енесін тонаған лудоман келін туралы жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 3 сәуір 2026
Сарапшы доллар бағамы 440 теңгеге дейін түсуі мүмкін екенін болжады
-
22:33, 3 сәуір 2026
Астаналық оқушылардың ас мәзіріне бешбармақ енгізілді
-
22:20, 3 сәуір 2026
Мемлекеттік тілдің күрескері Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл
-
21:40, 3 сәуір 2026
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінді
-
21:39, 3 сәуір 2026
Мыңдаған баланың жеке мәліметтері желіде тараған: Ақмола облысының мектептері жазаланды





