Семейде колония аумағына екі келіден астам марихуана лақтырмақ болғандар ұсталды
© Фото: unsplash
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері есірткі заттарын мекеме аумағына заңсыз жеткізу әрекетінің жолын кесті.
Жасырын патрульдеу барысында мекеме қызметкерлері Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, Семей қаласының 34 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
Күдікті мекеменің негізгі қоршауынан скотчпен оралған тоғыз ораманы ішке қарай лақтырмақ болған. Тексеру кезінде орамалардың ішінде өзіне тән иісі бар жасыл түсті, өсімдік тектес зат анықталды.
Оқиға орнында күдіктіні мекеме аумағына жеткізген автокөлік жүргізушісі де ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы екі келіден асты.
"Тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жеткізу әрекеттері әлі де басты қауіптердің бірі болып отыр. Қызметкерлердің қырағылығы мен полиция бөлімшелерімен үйлесімді жұмысының арқасында мұндай құқық бұзушылықтардың жолы дер кезінде кесілуде. Бұл, ең алдымен мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара, – деді мекеменің жедел бөлімінің бастығы Сунгат Абраев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:37, 17 ақпан 2026
Астанада жылы аялдамалардағы камералар жедел басқару орталығына қосылды
-
14:28, 17 ақпан 2026
Солтүстікте қыс қайта оралады, оңтүстікте көктемгі күн райы сақталады
-
14:18, 17 ақпан 2026
Алматының тағы бір ауданында көші-қон заңнамасын сақтау бойынша тексеріс жүргізілді
-
14:09, 17 ақпан 2026
Алматы құрамасы семсерлесуден Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды
-
13:46, 17 ақпан 2026
Елордада ірі көлемдегі есірткі тәркіленді: гашиш пен мефедрон сақтаған күдіктілер ұсталды





