Әйел зейнетақы төлемі тоқтағанда өзінің «өлілер тізімінде» екенін білген
© Фото: unsplash
Жамбыл облысында қайтыс болды деп танылған әйел тірі болып шықты. Туыстары "таныған" мәйіт өзге адамға тиесілі екені анықталды, осыған байланысты сот өлім туралы жазбаны жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Талап қоюшының анасы (1953 ж.т.) 2024 жылдың тамызында әпкесімен бірге Тараз қаласына тұруға кетіп, ал 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін жоғалып кеткен. Анасының әпкесі бұл туралы полицияға хабарлаған. 2025 жылдың тамызында ауылдағы өрістен мәйіт табылып, өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Табылған мәйітті талап қоюшы мен оның ұлы жоғалғанның денесі деп танып, қайтыс болғаны туралы жазба тіркеліп, қайтыс болғаны туралы куәлік берілді. Алайда, 2025 жылдың қыркүйегінде талап қоюшының анасы Жамбыл ауданы Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне келген. Талап қоюшы анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін қайтыс болғаны туралы жазбаның күшін жою және жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
Бұл ретте, талап қоюшы жоғалған анасының кез-келген уақытта туыстарына немесе басқа да жерлерге кетіп, ұзақ уақыт үйде болмайтын әдеті болғанын түсіндірген.
"Жамбыл аудандық соты табылған дененің басқа адамның денесі екенін анықтады. Полиция денені эксгумация жасап, қайта сот-медициналық және генетикалық сараптама тағайындады. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталып, қылмыстық іс тоқтатылды".Жамбыл облыстық соты
Сотта азаматша өзі Құрбан айт мерекесінен кейін Айша бибі ауылына барып, пияз жинауға жұмысқа орналасқанын түсіндірді. Жұмыс кезінде ол бірге жұмыс істеген әйелдің үйінде тұрған.
"Кейінірек, зейнетақы төлемдерінің түсуі тоқтатылғаннан кейін, ол ақпаратты нақтылау үшін Таразға келіп, қайтыс болды деп танылғанын білген. Жамбыл аудандық сотының шешімімен талап қою қанағаттандырылып, қайтыс болу туралы куәлік жарамсыз деп танылды, ал акт жазбасы жойылды".Жамбыл облыстық соты
Шешім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 16 ақпан 2026
Алдағы аптада доллар бағамы қандай болады – талдау және болжам
-
16:12, 16 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
-
16:04, 16 ақпан 2026
2026 жылғы әлемдегі ең қымбат валюталар аталды
-
15:56, 16 ақпан 2026
Алматы тауларында көшкін жүріп, сноубордшыны қар басып қалды
-
15:49, 16 ақпан 2026
16 ақпандағы сауда-саттықта доллар арзандады





