Жаңғырту бағдарламасы: Қазақстанда сүрілген үй тұрғындары неге шағымданды

14:07, 28 шілде 2026
MKZ: 1558410

© Фото: Zakon.kz

Құрылыс істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков 2026 жылғы 28 шілдеде Үкіметтегі брифингте сүрілген үйлер тұрғындарының шағымдары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жаңғырту бағдарламасы аясында 2026 жылы 224 ескі үйді сүру жоспарланған. Оның 44-і қазірдің өзінде сүрілді.

"Бұл бағдарлама жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда азаматтар бағдарламаға қатысты наразылықтарын білдірді. Алайда жаңғырту жұмыстары барлық тұрғынның келісімімен жүргізілетінін түсіну керек. Үйді сүруге барлық тұрғын келіспейінше, ол сүрілмейді", – деді Жүнісбеков.

Ол сүрілген үйлердің тұрғындары нақты неге шағымданғанын түсіндірді.

"Сондықтан бағдарламаның негізгі шарты – бөлмеге бөлме беру. Апатты үй иелеріне жаңа баспана беріледі. Айтылған шағымдар негізінен елеулі емес және әрлеу жұмыстарының сапасына қатысты болды", – деп қосты спикер.

Қазақстанда үйлерді сүру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы материалдан оқи аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!