Астаналық оқушылардың ас мәзіріне бешбармақ енгізілді
© Сурет: gov.kz
Астана қаласының мемлекеттік жалпы білім беретін ұйымдарында 1 сәуірден бастап ас мәзірі жаңартылды. Бұл бастама мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтуға және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа мәзірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірігіп әзірлеген мектептегі тамақтанудың жаңа стандартының күшіне енуіне байланысты жүзеге асырылды, делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
"Аталған стандарт балалардың жас ерекшеліктерін, физиологиялық қажеттіліктерін және заманауи тағамтану талаптарын ескере отырып әзірленді. Сондай-ақ, қазақ тағамтану академиясының сарапшылары қатысып, ғылыми негізделген ұсыныстар енгізді".
Жаңартылған ас мәзірінің басты ерекшелігі – оның теңгерімділігі мен пайдалы құрамының артуы. Рационда ет, балық, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ жаңа піскен көкөністер мен жемістердің үлесі көбейтілген. Бұл балалардың ағзасын қажетті ақуыздармен, дәрумендермен және микроэлементтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін өнімдер мәзірден алынып тасталды. Атап айтқанда, тұз, қант және қаныққан майлар мөлшері жоғары тағамдар, шұжық өнімдері, фастфуд (пицца, хот-догтар), құрамында қосылған қанты бар шырындар, спредтер және консерванттары бар өнімдер енді ұсынылмайды.
Жаңа мәзірде ас құрамында еттен, балықтан немесе құс етінен дайындалған ыстық тағамдар бар. Сонымен бірге тұтас дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін кеңінен пайдалану көзделген.
Жалпы алғанда, мектеп ас мәзірін жаңарту – білім беру жүйесіндегі маңызды реформалардың бірі. Ол оқушылардың денсаулығын жақсартуға, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға және мектептегі білім беру ортасының сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шара болып саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 3 сәуір 2026
Сарапшы доллар бағамы 440 теңгеге дейін түсуі мүмкін екенін болжады
-
22:20, 3 сәуір 2026
Мемлекеттік тілдің күрескері Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл
-
21:40, 3 сәуір 2026
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінді
-
21:39, 3 сәуір 2026
Мыңдаған баланың жеке мәліметтері желіде тараған: Ақмола облысының мектептері жазаланды
-
21:26, 3 сәуір 2026
«Жаңбыр, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





